Эмоциялық интеллект

Екі жағдайды салыстырыңыз. Екі менеджер клиенттерімен кездесуге келді, бірақ клиенттердің көңіл күйі нашар болды. Бірінші менеджердің кездесуі сәтсіз аяқталды: эмоциялық дау жанжалға ұласып, мәміле жасалмай қалды. Екінші менеджер клиенттің наразылығының себебін түсініп, эмоцияны жұмсартып, сенім қалыптастыра алды.

Айырмашылық - екінші менеджердің эмоциялық интеллект деңгейінің жоғары болуында. Оны қалай дамытуға болады? Бұл электрондық курс осы сұраққа жауап береді.

Курста сіз:
• эмоциялық интеллект деген не екенін;
• оның өмірде қандай пайдасы барын;
• өз эмоциялық интеллект деңгейіңізді бағалауды;
• өзіңіз бен әңгімелесушінің нақты сәттегі эмоциясын дәл анықтауды;
• эмоциялық күйді басқару тәсілдерін білесіз.