Командаңызда жанжалдар бірінен соң бірі қайталанған кез болды ма? Немесе жоба қатысушылары бастама көтеруді тоқтатып, жұмыс процесі мүлде баяулап қалды ма? Әлде қызу талқылаулар мен көптеген идеялардың ішінен ең тиімді шешімді таңдай алмадыңыз ба? Мұндай жағдайлар жұмыс командаларында жиі кездеседі. Бұл курс оларды қалай түзетуге немесе алдын алуға болатынын түсіндіреді.
Курста сіз: • жұмыс тобы мен команданың айырмашылығын; • командада жұмыс істеудің маңызын; • тиімді команданы қалай құру керектігін; • команданың қандай даму кезеңдерінен өтетінін; • команданың әлсіз тұстарын артықшылыққа қалай айналдыруға болатынын; • команданы қалай біріктіріп, шабыттандыру керектігін білесіз.