Стресс-менеджмент

Стресті басқаруға бола ма? Әрине. Бірақ ол үшін стресстің неден туындайтынын және оның табиғатын түсіну, оны жеңілдетуге көмектесетін тәсілдер мен жаттығуларды білу, өз күйіңізді тыңдап, жалпы стресс деңгейіңізді бағалай алу қажет.

Бұл электрондық курста сіз мына сұрақтарға жауап табасыз:
• стресс деген не және ол қалай пайда болады;
• дәл қазір мен стресс сезініп жүрмін бе;
• стресс күйін азайту үшін не істей аламын;
• шынымен жұмыс істейтін қандай тәсілдер бар;
• стресс жеке және жұмыс өмірімде тұрақты құбылысқа айналмауы үшін қандай қағидаларды сақтау керек.