Экономика - тек формулалар емес, таңдаудың салдарын көре білу. Әрбір саналы таңдау бізді жұмыста да, күнделікті өмірде де тиімдірек етеді. Жеке бюджетті жоспарлағанда немесе компания ішіндегі жұмыс процестерін іске қосқанда біз күн сайын экономикалық шешімдер қабылдаймыз.
Бұл курс - экономикалық сауаттылыққа жол ашатын алғашқы қадам. Қызметкер осы саладағы базалық білімді меңгеріп, шешімді тек интуицияға сүйеніп емес, түсінікпен әрі саналы түрде қабылдай алады.
Курста: • күнделікті экономиканың неден құралатыны талданады; • нарықтың қалай жұмыс істейтіні және оның бизнеске қалай әсер ететіні түсіндіріледі; • банктердің жұмыс тәртібі қарастырылады; • жеке қаржыны басқару үйретіледі.